Қажы мұқамбет қаракедей 2019-11-03 11:55:18

Ақмола боп астана

Енші болды басқаға

Оны салдым мен деген

Тіпті болды масқара

Атын қойған Нұрсұлтан

Жүр ғой одан жасқана

Ол көктегі тəңрідей

Елге өзін дер баспана

Бұлар өлмей күлер ме

туар деген жасбала!?

Қашанға шейін жүре алар

Көпті мұнша алдата

Ал иманды пенделер

Бетті бұрар Алдаға

Қазықұртты қыбыла ғып

Шығысар ау басқаша

Ақырзаман тақалды ау

Бұл да кетер тарқала

Нұрсұлтан да Шыңғыстай

Кетер шетке тастала.

منبع : حاجي محمد شادكام |Демографиялық тоқырау منبع : |Демографиялық тоқырау
برچسب ها :