•  
  •  
  •  
  • ​​46 - сөз  556  4 пікір 1 Қараша, 2019 сағат 11:48

"Халық ұйқыда" дегендер қатты қателеседі...

Өмір Шыныбекұлы

"Халық ұйқыда" дегендер қатты қателеседі...
"Ұйқыда" дегеннен гөрі, бұл жағдайды "Дауыл алдындағы тыныштық" деп суреттеген дұрыс секілді..

Қалалықтардың ортасында жүрмін..

Апта сайын болмаса да, ай сайын Оңтүстіктің ауылдарын аралаймын.
Одан қалса ала жаздай Қазақстанның солтүстігі мен шығысын араладым.

2019 жылдың басынан "Шымкент адалдық алаңы" жобасының жұмыстарына белсене араластым.
Партия мүшесі болмасам да «НұрОтан» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңесіне мүшелікке шақырып еді. Бас тартпадым.

Бірер күн бұрын сол Қоғамдық кеңестің құрамында азаматтарды қабылдауға қатыстым. БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы қаншама хабарландыру берілсе де, қабылдауға 1-ақ азамат келді. Оның өзін мен арнайы шақырғам.
(30 жыл мұғалім болып істеген баспанасыз әріптесім. Күйеуі 1-топтағы мүгедек. Азамат болып қалған 2 ұлы бар екен - екеуі де жұмыссыз)
Миллион! тұрғыны бар қалада - 2 сағат ішінде қабылдауға 1! ғана азамат келді.

Осыдан-ақ өздеріңіз ой түйе беріңіздер. Тек "Халықта еш проблема жоқ. Бәрін шешіп тастағанбыз" деп жүрмеңіздер.

Жүрген жерімде адамдардың көңіл-күйін зерттейтінім бар...
Халық билік өкілдеріне де, үлкенді-кішілі депутаттарға да, саяси партияларға да, және "Оян, қазақ" деп жүрген түрлі қозғалыстардың бір де біреуіне сенуден қалған..

"Ұлттық Сенім Кеңесі" құрылғанда халықта бір үміт пайда болып еді.
Қазір ол үміт те күн өткен сайын көмескіленіп, ел арасында "Қос билік" туралы қауесет бел алып бара жатыр.

"Қос билік жоқ" деген құрғақ сөзбен халықты сендіру қиын.

Не істеу керек?

Болатын нәрсе болмай қоймайды.
Сондықтан, Ұлттық Сенім Кеңесі халықтың сенімінен біржола айырылып, үмітін сөндіргісі келмесе, ешкімге жалтақтамай құрылғандағы мақсаты бағытында батыл әрекетке көшкені жөн. Әйтпесе, бірер айда өздеріне берілген "Сенім лимитін" олар да біржола тауысады.
Құдай үмітсіздіктен сақтасын!
Қырғыздың 2 төңкерісі де, биліктің халықтың сенімнен айырылуының жемісі еді.
Қазақ билігі содан сабақ алмады.
Бірақ әлі де кеш емес..
Мынау мүлгіген тыныштық алдамшы екенін ұмытпаңыздар!

Өмір Шыныбекұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

Қажы мұқамбет қаракедей 2019-11-02 00:44:11

Халық Хақтың бір аты

 Есімі Оның сипаты

 Алла əр күн бір шенде

 Бұны аңғарар би пенде

 Аса қамқор мейрімді

 Қаһарлы да кешімд

Халық болар тап солай

 Орайына боп қарай

 Асады екен дөңдерд

 Баса берер Нəндерді

 Тарихтағы дастандар

 Тағдыры ғой асқандар

 Халық жеңер жеңілген

 Қала бермей езілген

 Зекетсіз мал жиғандар

 Болмағаны имандар

Немруд пенен Пырғауын

 Шіріген бай боқ Қарын/

Кир де кетті Цар да

 Сталин де мазарға

 Горбачев те айлакер

 Төксе дағы сонша тер

 Сақтай алмай Одақты

 Жан жолдасы таратты

Диірмен қалды айналмай

 Күшті көттен пайда алмай

 Қазақ болып көттен тай

 Талапайдан дым да алмай

 Бүлінгеннен бүлдіргі ап

 Билері жүр əн шырқап

 Тажал тонын төңкеріп

 Ел талауды жөн көріп

 Ел алданса қаншама

 Көне бермес зорға да

 Серіппесі шоршиді

 Жаңаөзенше толқйды

 Нұхы шығар қайтадан

 Қазығұртқа бастаған

 Наурыз келер оралып

 Жағдай сонда оңалып

 Атсалысу тек серті

 Емделуге ел дерті

 Мен салар да сен салар

Кім дорбаға жем салар?

 Ала болса алтаулар

 Бола берер аңқаулар

 Түгел болса ал төртеу

 Мүмкін болар іс жөндеу

 Алынбас деген тас қала

 Алынар боп масқара

 Менменсіген немелер

 Кірер інді ізденер

 Қысас қалмас ертеңге

 Маржандай бұл білгенге

 Тарих деген əлқисса

 Ақылдарға бұл нұсқа

 

منبع : حاجي محمد شادكام |Халық ұйқыда дегендер қатты қателеседі منبع : |Халық ұйқыда дегендер қатты қателеседі
برچسب ها : халық ,болып ,ұйқыда ,билік ,сенім ,деген ,халық ұйқыда ,дегендер қатты ,қатты қателеседі ,ұйқыда дегендер ,сенім кеңесі ,дегендер қатты қател